Парламент • 06 Қаңтар, 2020

Дәурен Әділбеков жаңа үлгідегі аудандардың жұмысымен танысты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім басқармаларының, Көкшетау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен бөлімінің өкілдерімен бірге дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәурен Әділбеков жаңа үлгідегі аудандардың жұмысымен танысты

Отырыста әлеуметтік көмек тағайындау, әлеуметтік дәрігерлік сақтандыру жүйесіне азаматтарды кіріктіру, аз қамтылған отбасылардағы балаларды әлеуметтік көмек топтамасымен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды.

Өткен жылы Ақмола облысында 9 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған болатын. Биыл көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалғанын есепке ала отырып, атаулы көмекті алушылар саны екі есе қысқаратыны және 4,5 мыңға жуық отбасын құрайтыны болжанып отыр. Аудандарда жаңа сипаттағы жұмысқа дайындық үшін кеңестер мен практикалық семинарлар өткізіліп, азаматтардың мәселелерін шешу үшін Ашық есік күндерін өткізу тәжірибесі жүзеге асуда.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова атап өткендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтарды енгізу жөніндегі жұмыс іс жүзінде аяқталды, 6 жасқа дейінгі балаларды кепілді әлеуметтік пакеттер аясында азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен ынтымақтастық жолға қойылған. Сондай-ақ білім басқармасының желісі бойынша оқушыларды киім-кешекпен, кеңсе құрал-жабдықтарымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстелде сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыру қажеттігі, қазынашылықты техникалық жаңғырту мәселелері көтерілді.