«Ел іші, өнер кеніші» деп халық бекер айтпаса керек. Қанша ән айтса да жалықтырмай, көркем дауысы көкейіңді әсем күйге бөлейтін, жан дүниеңді ерекше ләззатпен сусындататын әншілер қай өңірден де табылады. Дегенмен, батыс өңірінің әншілік мектебін өрге сүйрейтін өнерпаздардың қатары сиректеу ме деп қаласың кейде. Мұхит, Ғарифолла сияқты көмейіне құдіретті де қуатты дауыс ұялаған ұлы тұлғалардың әндерін өзіндік өрнек, әдемі нақышпен салатын Амангелді Жұмановты сол сиректер қатарынан деуге әбден болады.
«Ел іші, өнер кеніші» деп халық бекер айтпаса керек. Қанша ән айтса да жалықтырмай, көркем дауысы көкейіңді әсем күйге бөлейтін, жан дүниеңді ерекше ләззатпен сусындататын әншілер қай өңірден де табылады. Дегенмен, батыс өңірінің әншілік мектебін өрге сүйрейтін өнерпаздардың қатары сиректеу ме деп қаласың кейде. Мұхит, Ғарифолла сияқты көмейіне құдіретті де қуатты дауыс ұялаған ұлы тұлғалардың әндерін өзіндік өрнек, әдемі нақышпен салатын Амангелді Жұмановты сол сиректер қатарынан деуге әбден болады. Әншілік өнердің теориялық бұлағынан қанып ішпеді, музыкалық білім алмады демесеңіз, оның қай сахнаның да ажарын келтіретін дарабоз дарын екені сөзсіз. Батыстың ішкі қуатқа түсетін, көтеріңкі дауыспен шырқалатын әндерін өзіндік өрнекпен өршіл рухта шалқытып салатын оның халықтың қошеметіне бөленуінің бір сыры осында жатса керек. Күйбең тіршіліктің қамы, қолдың қысқалығынан ауылдан ұзай алмаған әнші облысқа ғана емес, батыс өңіріне жақсы танымал өнер иесі. Мұндайларды халық тума талант деп бағалайтыны да сондықтан. Мектепте оқып жүргенде марқұм ағасы Аманжолдың домбыра тартып, ән салатыны оны қызықтыратын. Өнерге құштар өреннің домбырада ойнап, шамасы келгенше ән салуына өнерпаз жігіт Бисенғали Құсайыновтың да ықпалы болмай қалмады. Табиғатынан әншілікке деген құмарпаздық қонақтаған ол осылай өз бетінше талпынып, домбыра тартып, ән айта бастады. Ауыл-үйдің арасында әнші бала атанған ұлының өнерге деген ықыласын байқаған әкесі Рамазан да балалық қызығушылық, ет пен терінің арасындағы желөкпелілік демеді, қайта қонақ келе қалса, «балам, бір ән салып берші» деп өзі қолқалап отыратын. Мұнысы көптің алдын көрсін, ысылсын деген әке көкірегінің көпке ашыла бермейтін ішкі құпиясы болар, бәлкім. Қарап отырса, 12-13 жасында-ақ домбырамен достасып, әншілікке бүйрегі бұрған екен. Домбыраға қолы жаттығып, әуезді әуенді мәнеріне келтіріп айта бастағанда да осы өнерді қуамын деп ол әсте де ойлаған емес.
Он жылдықты бітірген соң оқу іздеп әуре болмады. Отбасындағы жалғыз ұл болғандықтан ата-анаға қарайласуға тура келді. Аудан орталығындағы тұрмыстық қамту комбинатына киіз үй шығаратын цехқа жұмысқа тұрды. Кейін аудандық мәдениет үйіне қатардағы қызметкер болып қабылданды. Ол кезде Ойыл колхоз-совхоз драма театрының даңқы дүрілдеп тұрған. Халықтың қалың ортасынан шыққан өнердің «самородок, сары алтындары» Жалғасбай Маханов, Жаулыбай Қазтуғанов, Бегман Оразбаев, Аққали Берғалиев және басқаларынан үлгі алды. Олардың сан алуан өнердің тізгінін ұстаған талант қырлары қызықтырды, солардай болуға талпынды. Термеші-жыршы Жалғасбай Маханов, Жаулыбай Қазтуғанов тыңдарманның құлақ құрышын қандырып жыр-термені ағытқанда бәйге атындай көсілсе, сахналық қойылымдарда ойнағанда екінші қыры актерлік шеберліктері жарқырай көрінетін-ді. Сол ағаларының көненің көзіндей асыл өнер-жыр мен термені төгілтуі, сахнадағы кейіпкерлерінің образына кіріп жасындай жарқылдауы, қай спектакльде, қай пьесада ойнаса да қателеспейтін жадыларының мықтылығы тәнті ететін. Өзі лап етіп жанғалы тұрған жас жүрекке солардың алқаусыз ағалық қамқорлығы от бергені де рас.
– Алғашқыда дәстүрлі әндерді кітапханашы Қайыр Елеуовтен үйрендім. Ол кісі Мұхиттың, Ғарифолланың, Ойыл өңірен ән оздырған Қызыл ақынның әндерінің әуенін өзгертпей салатын, ырғақ-иірімдерін келістіріп келтіретін. Кейін өз бетімше үйреніп, шеберлігімді шыңдай түстім. Аудан бір жабылып, бір ашылған 1965 жылы аудандық мәдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа тұрдым. Әрине, драма театрдың жұмысына да қатысып жүрдім. Ол бір шаршамайтын, шал