Спорт • 07 Қаңтар, 2020

Бірқатар ірі жарысқа қатысады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы жарыстарды бас­тайды. Қаңтар айында отандық спортшылар бірнеше ірі байрақты бәсекеге қатысады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Бірқатар ірі жарысқа қатысады

8-13 қаңтар аралығында Канаданың Монреаль қаласында қылыштасудан ерлер мен әйелдер арасындағы Гран-при тур­нирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай мен Илья Мо­крецов қатысады. 9-13 қаңтар күндері Кубаның Гавана қаласында семсерлесуден әйелдер арасындағы әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары анықталады. Атал­ған сында Ульяна Балаганская сынға түседі. Сондай-ақ 9-13 қаңтар аралығында Гер­манияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогы өтеді. Германиядағы бәсекеге Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин және Сертай Ерлік қатысады.