Хоккей • 07 Қаңтар, 2020

Төменгі топқа түсіп қалды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда қалу үшін Германия хоккейшілерімен жұбаныш матчын өткізіп, үшінші кездесуде есе жіберді.

Төменгі топқа түсіп қалды

Шешуші ойында Сергей Старыгин бап­­тай­тын Қазақстан жастар құрамасы гер­маниялық қатарластарынан 0:6 нәти­жесімен жеңіліп қалды. Үш ойын қорытындысы бойынша Гер­мания құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойында немістер 4:0 есебімен басым түссе, екінші ойында отандастарымыз 4:1 нәтижесімен қарсыластарынан айласын асырып кеткен-ді. Ережеге сәйкес, екі ойында жеңіске жеткен Германия құра­­масы эли­талық дивизионда өз орнын сақтап қа­ла­ды. Ал Қазақстан құрамасы келесі жылы әлем чемпионатының бірінші дивизионында Беларусь, Дания, Венгрия, Латвия және Норвегия хоккейшілерімен сынға түседі.

Айта кетелік, әлем чемпионатының фи­налын­да Ресей құрамасын 4:3 есебімен жең­ген Канада хоккейшілері чемпион атанды.