Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

Семейде Испанияға арналған көрме өтті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат тақырыбында көрме өтті.

Семейде Испанияға арналған көрме өтті

Көрме жетекшісі Ирина Рекиданың айтуынша,  Көрмеде француз суретшілері мен Александр де Лабордтың аталмыш кітабын суреттеуге арналған «Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат» альбомынан офорттар ұсынылып отыр. Кітап екі бөлімді қамтитын екі томнан тұрады. Бірінші том 1806 жылы шықты. Сол уақыт кезеңінде офорттар альбомы басылымы жарық көрді. Музей қоры жинағында осы альбомнан Каталонияның сәулет ескерткіштері бейнеленген 21 парақ сақталуда. XIX ғасырдың басындағы француз суретшілерінің офорттар көрмесі ерекше қызықты.

Офорт - металл пластина тақтайшалардың үстіңгі бетіне қышқыл жағу арқылы көркем бейне штрихтарын тереңдете түсіре отырып, басып шығару техникасы екен. Бұл техника XV ғасырда пайда болды, ал XVII ғасырдан бастап ерекше кең таралған. Көбінесе офорттар бірнеше суретшілермен салынады. Және әрқайсысы өзінің - сурет салу, металл тақтайшаға сурет салу, өңдеу, басып шығару жұмыстары бойынша жауапты болады.

-Офортты жасауға қатысқан әрбір суретшінің аты ойып жазылған. Музей жинағындағы офорттар Лижье, Мулинье, Шарль Персье суретшілермен, Декувовиле, Бенуа, Легран және басқалармен оймышталған. Александр де Лаборд «Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат» кітабының, сондай-ақ бірнеше суреттердің авторы болып табылады, деді Ирина Рекида.

1