Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

СҚО полициясы жылды қорытындылады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Солтүстік Қазақстанда барлығы 6381 қылмыс тіркеліпті, бұл 2018  жылмен салыстырғанда жеті пайызға төмен. Соның ішінде кісі өлтіру, денеге ауыр жарақат салу, тонау сияқты ауыр қылмыстар азайған. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің былтырғы жұмысын қорытындылаған кеңесте департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев атап өттті.

СҚО полициясы жылды қорытындылады

Осы фактілерді атай келіп ол отбасылық-тұрмыстық қылмыстың алдын алуға айрықша назар аударды. Былтыр осы бағыттағы қылмысы үшін 1921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 442адам қамалған. Қылмыстық жазасын өтеу орындарынан шартты мерзіммен босатылғандар арасынан қылмыс жасаушылар да азаймай отырған көрінеді. Соның ішінде 41 адам  жазасын өтеу орындарына қайтарылған.

Жедел қызметтер саласы бойынша баяндаған полковник Руслан Назаров алаяқтық қылмыстық арта түскенін тілге тиек етті. Соның жартысы, атап айтқанда 230 Интернет арқылы жасалған алаяқтық болып отыр. Жапа шегушілердің негізгі бөлігі 18 бен 35 жастар арасындағы жастар. Олар онлайн-кредиттер немесе бүкіләлемдік шырмауық арқылы сатып алулар жасау кезінде жапа шеккен. Былтыр барлығы 74 микрокредит ресімдеген облыс тұрғындары алданып қалған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс түрлері азая түскендігі белгілі болды. Бұл істе алдын алу шаралары өзінің жемісін берді деді осы саланың басшысы подполковник Арман Атановөзінің сөзінде.

Кеңес барысында есірткі мен есірткіге қарсы күресте белсенділік көрсеткен үздік ардагерлік ұйымдар марапатталды.