31 Шілде, 2013

Апитерапия немесе арамен емдеудің пайдасы

3078 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең кең тараған табиғи ем, мың бір ауруға шипа – бал арасының өнімдері. Әдетте балдың пайдалы екенін, бал арасымен де ем жасалатынын білеміз. Бірақ соған мән бере бермейтініміз анық. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде апитерапияға, араға шақтырып емдеу, бал арасының өнімдерімен емделуге, балмен, прополис (ара желімі), ара уы, сүті, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті оны медицинада пайдалануға деген қызығушылық арта түсті. Ежелгі Үндістанда бал мен ара сүтін жастық пен денсаулық эликсирі деп атаған. Ал Қытайда 3000 жылдан бері үздіксіз қолданылып келген бұл емдік тәсіл XX  ғасырда сәл бәсеңдегенімен, бүгінде қайта жандана бастады. Жапония, АҚШ, Германия, Францияда апитерапия кеңінен қолданылады. Ал бізде бұл жағдай қалай немесе бал арасының өнімдерімен емделудің қандай кереметтері бар деген сауалмен көп жылдан бері сүлікпен емдеп, енді бал арасының өнімдері арқылы ауыр кеселдерді жеңіп шығуға болатынына көз жеткізе бастаған жоғары дәрежелі дәрігер Рүстем Исаевпен әңгімелескен едік.

 

(Мұхаммед (с.ғ.с.), Раббың араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!», – деп нұсқады (Жаратылыс қабілет берді.) «Сосын әртүрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайлы (деп тапқан) жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында, мұнда да зерделейтін қауым үшін ғибрат бар.

(«Нахл» сүресі, 68-69 аяттар)

Әлемдегі ең кең тараған табиғи ем, мың бір ауруға шипа – бал арасының өнімдері. Әдетте балдың пайдалы екенін, бал арасымен де ем жасалатынын білеміз. Бірақ соған мән бере бермейтініміз анық. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде апитерапияға, араға шақтырып емдеу, бал арасының өнімдерімен емделуге, балмен, прополис (ара желімі), ара уы, сүті, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті оны медицинада пайдалануға деген қызығушылық арта түсті. Ежелгі Үндістанда бал мен ара сүтін жастық пен денсаулық эликсирі деп атаған. Ал Қытайда 3000 жылдан бері үздіксіз қолданылып келген бұл емдік тәсіл XX  ғасырда сәл бәсеңдегенімен, бүгінде қайта жандана бастады. Жапония, АҚШ, Германия, Францияда апитерапия кеңінен қолданылады. Ал бізде бұл жағдай қалай немесе бал арасының өнімдерімен емделудің қандай кереметтері бар деген сауалмен көп жылдан бері сүлікпен емдеп, енді бал арасының өнімдері арқылы ауыр кеселдерді жеңіп шығуға болатынына көз жеткізе бастаған жоғары дәрежелі дәрігер Рүстем Исаевпен әңгімелескен едік.

ара– Рүстем Қайратұлы, бүгінде сан мың аурудың өршіп кеткені сонша, дертіне дауа таппай, медицинадан күдерін үзіп, жан қайғы болушылар аз емес. Ал Аллаһ тағала пендесін ауру-сырқаумен сынай отырып, оның барлық емін де жаратқан ғой. Мәселен, бал арасының емдік кереметін біз біле бермейміз, соны түсіндіріп берсеңіз?

–Араға шақтырып емдеудің ерекшелігі бал арасының уында көптеген ферменттер мен аминқышқылдар бар. Адам ағзасына 24 аминқышқыл қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тірші­лі­гінің қызметі үшін аса қа­жет­ті. Ара уындағы қабынуға қарсы ферменттер гармондық дәрінің әсерінен 100 есе күшті. Ауырсынуды басатын қасиетін айтсақ, бір ғана морфиннің өзінен 100 есе артық. Ісікке қарсы қасиеті бар, әдетте антибиотик дәріні қолдансаң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді т.б. бактерияларға қарсы емдік қасиеті жоғары. Ара уының биологиялық белсенділік құрамы сыртқы жағдайлардан өзгере қоймайды. Сондықтан 10 күн бойы 100 градустық ыстықта ұстасаңыз да оның бактерияларға, қабынуларға қарсы емдік қасиеті сақталады. Суыққа төзімділігі де дәл солай. Уды бірнеше жыл бойы құрғақ түрде сақтаса да әсері өзгермейді. Ара уымен емдегенде ара өнімдерінің өзге түрлерін қатар пайдаланамыз. Мәселен, Ресейдің Челябі қаласындағы бал арасымен емдейтін халықаралық орталықта сусамырдың (қант диабеті) бірінші түрін емдегенде науқас инсулинмен қатар ара желімін, гүл тозаңы, сүті, барлығын кешенді түрде қо