31 Шілде, 2013

Жапон грантыаудандық ауруханаға берілді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония үкіметі Ақмола облысындағы Есіл аудандық ауруханасына халықаралық «Шөп тамырлары» бағдарламасы бойынша грант бөлетін болды. Соның арқасында медицина жабдықтарын жаңғырту және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту жобалары бойынша 31 миллион теңгеден астам қаржы есілдіктер игілігіне жаратылмақ.

Жаңа жабдықтар алдағы тамыз-қыркүйек айларында жеткізіледі деп күтілуде. Аса қажет құралдардың ішінде қан­ның биохимиялық сараптамасын жеделдететін коагуломтрлер, КФК-5 фотометрі, тіс емдеу жабдықтары, «ЛОР-ком­байндар», сәуле шашы­рат­қыш шамдар, электрокардиограмма мониторингі, перзент­хана әмбебап кереует-трансформері, тағы басқалары бар. Мамандар бұл жабдықтар аудан тұрғын­дарына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыратынын айтып отыр.

«Шөп тамырлары» қайта­рым­сыз бағдарламасы Қазақ­станда 1997 жылдан бастап жүзеге асы­рылып келеді. Ол шағын ауқымдағы әлеуметтік жобалар­ды қолдауды көздейді және қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат санайды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Есіл ауданы.