31 Шілде, 2013

Есілдің суы тағы да бүлінді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Река ЕсильАстана қалалық әуе көлік прокуроры Нұрлан Ахметбаев елорданың халықаралық әуежайына 13 млн. теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Н. Ахметбаевтың атап өткеніндей, осы жылдың мамыр айында жанармайдың төгілуіне байланысты Астана халықаралық әуежайына тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша заң бұзушылыққа жол берілгені мәлім болды. Аталмыш әуежайға сұйықтық жеткізілетін құбырдан Есіл өзеніне жанармай төгілгендігі анықталды. Сондықтан осы әуежай құрылымына 13 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

Данияр Түймебай.