31 Шілде, 2013

Ақтөбеде тойға барған 60 адам тамақтан уланды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отравление

Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ауылында үйлену тойы өткізіліп, 60-тан аса адам сапасыз тағамнан уланды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Той өткізілген ресторан аудан әкімі зайыбының (демек, әкімнің!) меншігі көрінеді. Сондықтан жергілікті жердегі аудандық аурухана дәрігерлері болған оқиға жөнінде ақпарат беруден бас тартқан. Куәгерлердің айтулары бойынша, тағамнан уланғандардың ішінде бүлдіршіндер де бар екен.

Бұл оқиға туралы «Жетінші» телеарна да хабар берді. Телеарна тілшісіне берген сұхбатында ресторан қызметкері Айман Есімова былай деді: «Жасыратын несі бар, той дастарханынан дәм татқан менің отбасым да уланды. Өйткені, жұртқа берілген ет тағамы қарайып кеткен. Сорпасы да сондай».

Бізге келіп түскен соңғы ақпаратта санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мамандарының бұл оқиғаны енді тексеруге кіріскені жөнінде жазылған.

Данияр Түймебай.