Парламент • 09 Қаңтар, 2020

Агроөнеркәсіп кешендерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында орналасқан «Зенченко» мал шаруашылығы кешенінде болды. Кешен 2018 жылдың соңында салынған болатын және сол кезден бастап Германиядан әкелінген мал басы екі есе (596-дан 1063-ке дейін) өсті.  Елуге жуық жұмысшы еңбек ететін кешенде күніне 10 тонна сүт өндіріледі. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Агроөнеркәсіп кешендерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды

Сенатор Аралағаш ауылындағы Аралағаш орта мектебінің ұжымымен кездесіп, Дайындық ауылындағы «Дайындық» сүт тауары фермасына болды, сол жерде аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешендерін мемлекеттік қолдау, әлеуметтік жауапкершілік және жерлерді тиімді пайдалану мәселелері, «Педагог мәртебесі туралы» заңның негізгі ережелері, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері, кепілді әлеуметтік пакет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды.

Сенатор сапар аясында Петропавл қаласындағы «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында да болды. Кездесуге бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы құрылымдары мен облыстық мекемелердің басшылары қатысты. Кездесу барысында электр энергиясының көптарапты тарифтерін қайтару, жер дауларын шешу, субсидия төлемдері бойынша қарыздар, аймақты сумен қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен шағын бизнес субъектілерінің бақылау-кассалық машиналарын қолдану қажеттігі, ішкі істер министрлігінің көлік құралдары бойынша деректер қорын жаңғырту, шекара бекеттерінің жұмысы және тағы басқа мәселелер көтерілді.