Спорт • 09 Қаңтар, 2020

Қазақстан Литва құрамасымен жолдастық матч өткізеді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы 2020 жылдың 23-30 наурызы аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қазақстан Литва құрамасымен жолдастық матч өткізеді

Дайындық аясында Алматыда екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған. 27 наурыз күні Литва, 30 наурыз күні Армения құрамасымен ойнайды.

Литва құрамасын 52 жастағы Вальдас Урбонас жаттықтырады. Еуропа Чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Литва футболшылары Украина, Португалия, Сербия және Люксембург құрамаларымен тартысқа түсті. ФИФА рейтингіндегі орны - 131.