Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын біз не үшін жалпыұлттық деңгейде тойлағалы отырмыз? Оның себебі неде? Бұл әншейін той тойлау емес, ойлану, қазіргі жағдайымызға парасат биігінен көз тігу деп білемін.

Абай дүниеден өткелі де бір ғасырдан артық уақыт өтіп кетіпті. Кемеңгер тұлғаның өз заманында айтқан ғибратты ойлары, сәулелі сөздері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында іске асып отыр ма? Міне, осы үлкен мәселе хакім Абай мерейтойын мерекелеуде әрбір зиялы қауымның көкейіндегі мәселе болуы керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында «Ақын мұрасын ХХІ ғасырда қалай оқып, оны қай деңгейде іске асыра алып отырмыз және Абайдан алатын ғибратымыз не?» деген күрделі сұрақтарға жауап іздеген. Президент айтады: «Абай туралы қалай айтсақ та жарасымды» дейді. Рас. Ал сол жарасымды сөзді айта білу – әрбір зиялы қауым өкілінің міндеті.
ХХІ ғасырда Абайдың орны қандай болу керек? Оны жаттап алу бір басқа, оқу да бір бөлек, бірақ соны түсініп, әрбір адам өзінің қызметінде, тұрмысында, қоғамдық белсенді істерінде пайдаланса, сонда ғана ақын мұрасы қазіргі ХХІ ғасырдағы қазақтарға үлгі және рухани азық болмақ.
ХХІ ғасыр өзімен бірге адамзат алдына көптеген сауалды да қатар әкелді. Олар – тәрбие, білім, ғылым, техника, технология деген мәселелерге қатысты. Бұл – сұрақтың бір жағы. Екінші жағы – адамның қабілетінен өзге қасиеті деген болады. Абай шығармалары адамның қасиетіне қалай әсер етуде? Біз оқу жүйесінде көбінесе қабілетті оқушы, қабілетті студент, қабілетті маман дейміз. Ал оқушының, студенттің, маманның қасиеті туралы не айтамыз? Адамшылық, кісілік деген ұғымдарға қатысты қазіргі ХХІ ғасырдың жастары қандай ғибратты істер атқаруы керек?
Міне, осы тұста Президенттің ілгеріде айтқан «Еріктілер» дегені – тамаша идея. Себебі жастардың ерікті түрде жасы келген немесе іс-әрекеті шектеулі көпбалалы отбасы және басқа да әлеуметтік жағынан көмекке зәру жандарға көмек қолын созуы – имандылықтың жарқын көрінісі екені даусыз. Өйткені иман бар жерде – мейірім де бар. Ал имандылық, адамшылық, кісілік деген ұғымдар Абай шығармаларында тұнып тұр. Осы мәселелерді Қазақстан президенті бүкіл халыққа жария етіп, Абай тойы әркімді ойландыратын жалпыхалықтық іс болса деген ниет білдірген. Бұл жерде арнайы ескертіп айтатын сөз – мақаладағы ойлар Мемлекет басшысының атынан айтылғаны өте жарасымды. Президенттің сөзі қоғамға бағдарлама қызметін атқаратын жағдай. Сондықтан Абай жылын тойлаудың басы Президенттің мақаласымен ашылғанына дән разымыз!
Ғарифолла ЕСІМ,
академик
Аймақтар • Бүгін, 22:48
Қоғам • Бүгін, 22:39
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Бүгін, 22:39
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Білім • Бүгін, 22:35
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Бүгін, 22:29
Қоғам • Бүгін, 22:27
Қылмыс • Бүгін, 22:25
Тарих • Бүгін, 22:19
Симфонияға барғанда... немесе маэстро Коки Гонгуй Янг не дейді?
Өнер • Бүгін, 22:16
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Бүгін, 22:14
Театр • Бүгін, 22:12
Әдебиет • Бүгін, 22:07
Әдебиет • Бүгін, 22:05
Әдебиет • Бүгін, 22:03
Поэзия • Бүгін, 22:00
Аймақтар • Бүгін, 21:58
Экология • Бүгін, 21:57
Жеңіл атлетика • Бүгін, 21:54
Жәдігер • Бүгін, 21:53
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 21:49
Спорт • Бүгін, 21:47
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Бүгін, 21:46
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 21:45
Қоғам • Бүгін, 21:38
Елордалық филармония көрермендерге 100-ден астам концерт ұсынады
Елорда • Бүгін, 21:22
«Халық қатысатын бюджет»: әкімдіктер өтініштерді қабылдай бастады
Елорда • Бүгін, 20:50
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Бүгін, 20:22
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:08
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Бүгін, 19:42
ҚазҰУ мен Лондон университеттері арасында меморандумға қол қойылды
Қоғам • Бүгін, 19:07
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады
Білім • Бүгін, 18:50
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді
Саясат • Бүгін, 18:37
Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтады
Шахмат • Бүгін, 18:27
Ермек Көшербаев Ресейдің жетекші ЖОО басшыларымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:06
Қазақстан мен Әзербайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 17:54
Қазақстанда түсік жасататындар саны азайған
Қоғам • Бүгін, 17:46
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан • Бүгін, 17:33
«Balapan» телеарнасының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:27
Түркістан облысында 25 жыл бұрын хабарсыз кеткен шетелдік табылды
Оқиға • Бүгін, 17:23
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 17:17
Ұқсас жаңалықтар