Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Ақылбек Күрішбаев: Ұлы ойшыл еңбектерінде ғылым мен білімге аса мән беруі - дамудың негізі осылар екендігін түйсінгендігінде

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Президенті қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеу, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап берді.

Ақылбек Күрішбаев: Ұлы ойшыл еңбектерінде ғылым мен білімге аса мән беруі - дамудың негізі осылар екендігін түйсінгендігінде

Ұлан-ғайыр жер мен бай табиғи ресурстарды иеленген Қазақстан дамудың жарқын болашағына ие. Бірақ оны игеру үшін елімізге сапалы дамыған адам капиталы қажет. Бұл жөнінде кезінде Абай дөп басып айтқан. Қоғамның интеллектуалды қуатын қалыптастыру мен арттыру, адам капиталы идеясын дамытуды Президенттің өз мақаласына арқау етіп алуы кездейсоқтық емес. Ұлы ойшыл еңбектерінде ғылым мен білімге аса мән беруі - дамудың негізі осылар екендігін түйсінгендігінде. Осыны ұғына отырып біздің Президентіміз Қ.К.Тоқаев білім жүйесін модернизациялау реформасын қолға алды.

Бүгінде бұл тек сөз жүзінде ғана емес, нақты қадамдарға, ұлттық білім беру ісі мен отандық ғылымды қолдау мен дамытуға бағытталған шынайы бағдарламалардың жүзеге асуына сеп болып отыр. Нәтижесінде өткен жылы бакалавриат пен магистратураға бөлінетін мемлекеттік гранттың үлесі артса, оның ішінде техникалық, аграрлық және ақпараттық технологиялар мамандығына гранттар саны көбейді. Биылғы оқу жылынан бастап бөлінген мемлекеттік гаранттың құны 349-дан 778 мың теңгеге дейін өсті, өз кезегінде бұл ЖОО-ның материалдық базасының жақсаруына және кадрларды дайындау сапасының жоғарлауына әкелді. 2025 жылы мемлекет ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды 10 есеге арттыруды көздеп отыр!

Нәтижесінде отандық ғалымдардың ғылыммен алаңсыз айналысуына және елімізде біліктілігі жоғары кадрларды дайындауға даңғыл жол ашылатыны сөзсіз.

Заманауи жастар бүгінгі озық білімді игеруі тиіс, мемлекет пен Президентіміз беріп отырған оңтайлы сәтті уысынан шығармағаны абзал. Ұлы ойшылдың рухани мұрасын бүгінгі күннің тарихи шындығы тұрғысынан бойына сіңіре отырып жастарымыз ел экономикасының дамуына, болашағына қызмет жасарын ұғынуы тиіс. Сонда ғана Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, мемлекет пен үкімет жөніндегі нақыл сөздері мен идеялары өзінің маңызын, өзектілігін қай дәуірде де жоймайтындығын сеніммен айта аламыз. 

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасы