31 Шілде, 2013

Мұхтар Әбіләзов Францияда ұсталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мухтар Аблязов-1

БТА-банктың бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Францияның түстігіндегі Канны қаласына жақын маңда қамауға алынды. Бұл туралы Әбіләзов отбасылары адвокатының дерегіне сүйенген британиялық Financial Times атты іскерлер газеті хабарлады.

Қазақстандық олигархты тұтқынға алу операциясын француздың арнайы қызмет сарбаздары жүзеге асырған сияқты. Басылымның мәліметіне қарағанда, Әбіләзовті өз еліне жеткізуді Ресей билігі өтінген болып шықты.

Адвокаттың айтуынша, банкирдің отбасы мүшелері қазір мұның алдында әйелі мен қызына жасалғаны сияқты, оның да Қазақстанға жөнелтілуінен қорқатынға ұқсайды. Қорғаушы сонымен қатар ұсталған кезінде Мұхтар Әбіләзовтің жанында Оңтүстік Африка Республикасынан алынған паспорт болғанын айтады.

Әзірге бұл оқиғаға байланысты бұдан басқа ақпарат жоқ.

Бұған қосатынымыз, Қазақстанда Мұхтар Әбіләзов орасан зор мөлшерде ақша ұрлады, ұйымдасқан топ құрды деген айып бойынша іздестіріліп жатқан болатын. Оған БТА-банктың 6 миллард долларға жуық ақшасын алып кетті деген күдік таңылды. Оған қатысты Ресей құқық органдары да қылмыстық іс қозғады. Екі жақ та оның сыртынан қылмыстық іс қозғады.

Мұрат Айтқожа.

 

Соңғы жаңалықтар