Рейтинг біршама көтерілді. Кеше Қарағандының «Шахтері» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жеңісінен кейін Қазақстан УЕФА рейтингісінде 35-орынға көтерілді.
«Шахтер», «Ақтөбе», «Ертіс» командаларының арқасында Қазақстан биылғы футбол маусымында 2,500 ұпай жинады. Егер «Шахтер» Чемпиондар лигасына, «Ақтөбе» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықса, бізге тағы да төрт ұпай бонус беріледі. Ол кезде біздің ел 27 орынға дейін көтерілуі мүмкін.

Алғашқы ашық кубок. 4 тамызда Астанада алғаш рет шаңғы роллерінен қалалық ашық кубок үшін жарыс өтеді. Оған әлем чемпионатының жүлдегерлері Алексей Полторанин мен Николай Чебатько, сондай-ақ, командалық спринтте әлем кубогының иегері Денис Волотка, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Марк Старостин секілді шаңғышылар қатысады.
Қыздар да сынға түседі. 1-8 тамыз күндері Польшада футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 2013-2014 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінің ойындары өтеді.
Онда Қазақстан құрамасы 8 топта Австрия, Әзербайжан мен Польша командаларымен күш сынасады.
Қазақстандықтар алғашқы ойынын 2 тамызда алаң иелерімен, екінші кездесуін 4 тамызда Австриямен, ал үшінші матчын 7 тамызда Әзербайжанмен өткізеді.
«Барыс» бабын байқатты. Астананың «Барыс» хоккей клубы жаңа бас жаттықтырушы Ари-Пекки Селинаның жетекшілігімен биылғы маусымға дайындық ретінде алғашқы ойынын өткізді.
Команда Швейцарияда Санкт-Петербургтің СКА-сымен кездесті. Бұл матч 3:3 есебімен аяқталды.
«Егемен-ақпарат».