Тағайындау • 09 Қаңтар, 2020

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

847 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып Нұрлан Бикенов тағайындалды деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа қызметте ол әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрлан Бикенов 1973 жылы Нұра ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: биолог, тарихшы және экономист.

Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев совхозында жұмысшы болып бастаған. Одан кейін Захаровка ауылының мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды.

2016 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

   

Қарағанды облысы