Францияның Лион қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 8 лицензия алып, жарыс қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енді.
Францияның Лион қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 8 лицензия алып, жарыс қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енді.
Ұлттық паралимпиада комитетінің спорт бойынша вице-президенті Галина Ванинаның айтуынша, биылғы әлем чемпионатындағы спортшыларға жүктелген нормативтер Лондонда өткен Паралимпиадалық ойындардағыдан да қатаң болған. Дегенмен, біздің спортшылар Қазақстанның намысын қорғай алды. Бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының екі жылдық қолдауының арқасында мүмкін болды. Төрт спортшы үздік сегіздікке еніп, ұлттық рекорд орнатты. Олар өзге елдердің спортшыларына есе жіберген жоқ. «Бүгінде, басты үміт жастарға артылып отыр. Олардан еліміздің намысын қорғап, спортпен шұғылдануға қорықпауға, облыс орталықтарында, ауылдарда секцияларға баруға шақырамыз. 2015 жылы өтетін келесі ойындарда табанды күресетін боламыз», – деді Г.Ванина.
Қазақстандықтар арасында ядро лақтырудан Равиль Мансұрбаев – бесінші, ұзындыққа секіруден Айнұр Тайжанова – жетінші, найза лақтырудан Аманат Қалқаев пен Дәуренбай Нарыбеков сегізінші болды.