Қазақстан • 10 Қаңтар, 2020

Ішкі көші-қон: несі артық, несі кем?

885 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы тұрғын халық саны 2050,9 мың адамды құрады. Статистика дерегі бойынша, ел-жұрттың 22 пайызы қалада тіршілік етеді, ал 78 пайызының мекені – ауыл.

Ішкі көші-қон: несі артық, несі кем?

Нақты айтқанда, 450,9 мың жетісулық қалада тіршілік етсе, ауылдарды 1600 мың жан басы мекен етеді. Жалпы, 2019 жылы облыста демографиялық жағ­дай қалыпты деңгейді көр­сетті. Яғни, бұрнағы жылмен са­лыстырғанда 1000 адамға шақ­қандағы табиғи өсім 18,4 адам­ға көбейіп, 9 ай ара­лығын­да ғана 37 781 сәби дүние есі­гін ашқаны анық. Ал 2019 жыл­дың осы мерзімінде дүние сал­ған­дар саны 10 020 адамды құрап, алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда 6,54 марқұмға азай­ған, ол кезде аймақта 10 043 адамның жаназасы шығарылған екен.

Статистикалық мәлімет­терді сараласақ, 2019 жылдың басы­нан бері Жетісуға 83 301 адам көшіп келіпті. Бірақ өткен мерзімде облыста көші-қон­ның теріс айырма­сы да қалып­тасқаны байқалды. Мәсе­лен, аймақтан ірге көтерушілер саны 99 090 адамға жетіп, көшіп келушілер санымен салыс­тырғанда 15 789 жанға көбей­ген. Бұл көрсеткіш арғы жыл­мен салыстырғанда 20,2 па­йызға өсіп отыр. Көші-қон үде­рі­сі негізінен ТМД ел­деріне ба­ғыт­талыпты. Яғни, Алматы облы­­сынан көшіп кет­кен­дердің 83 па­йызының таң­дауы көрші ел­­дерге түскен. Ал осы ТМД аума­­ғынан облысқа келу­шілер саны 67,4 пайыз шамасында екен.

Есесіне, Жетісуға бағыттал­ған ішкі миграция үлесі басым. 2019 жылы елдің басқа өңір­лерінен көшіп келушілер саны 14,5 пайызға ұлғайған. Жалпы, Алматы облысының аумағын мекендеген ел-жұрттың жалпы үлесі 2 млн 47 мың адамға жетті. Оның ішінде тұрғындардың 60 пайызы Алматы қаласының маңын мекен етеді екен. Яғни, мегаполиспен шектесетін аудандарда 1 млн 200 мың адам тіршілік етуде.

Айтпақшы, ел көлемінде жиі өтіп тұратын «Құқық тәртібі» арнайы шарасының нәтижесінде Алматы облысының аумағында көші-қон ережесін өрескел бұз­ған адамдар қатары да анық­талу­да. 2019 жылдың соңында ола­р­дың саны тоқсан екіге жеткен. Араларында шетел азаматы да бар.

– Еліміздің миграция заңы­на қайшы әрекет жасаған шетел азаматтарының кінәсі дәлел­денді. Жеке басын куәлендіретін құжаты жоқ 34 адам арнайы ұстау орнына қамалды, 11 адам мемлекеттік шекарадан шыға­рылды. Жалпы, «Құқық тәртібі» арнайы шарасының аясында облыс аумағында құжат тәртібін бұз­ған 8 Эфиопия мен Сомали елі­нің азаматы, 2 түркиялық және 29 өзбекстандық анық­тал­ды, – деді облыстық полиция де­­п­ар­­таментінің өкілі Серік Үпиев.

Яғни, 2019 жылы Жетісуға заң­сыз жолмен келген 1157 сырт ел азаматының жүріп-тұ­руы­­на шектеу қойылған екен. Сон­­дай-ақ виза ережесін бұзған 9,5 мың шетелдік анық­талыпты. Жал­­пы, Алматы облысына келе­тін шетел­діктер ағыны жылдан жыл­ға көбейіп отыр. Соңғы дерек бойынша бұл көрсеткіш бұр­­на­ғыдан 10,2 пайызға өсіп, келу­­шілер саны 251 752 адамға жетіпті.

 

Алматы облысы