ХІХ ғасырда өмір сүрген дананың сол дәуірдегі құнды ойлары бүгін де өзектілігін жоғалтпайды. Бұл ой-тұжырымдар баршамызға қашан да рухани азық болып қалатыны айқын. Ақын мұрасының қай өнегелі сөзі де мәңгілік өсиет ретінде бағаланатыны баса айтылады бұл мақалада.
Абай сол заманда-ақ білім мен ғылым ілгерілемей, елдің дамуын елестету мүмкін еместігін айтқан болатын. Бүгінгі ұстаным да – осы. Білім мен ғылымды дамыту арқылы ғана өркениетті дамыған елдердің көшіне ілесетініміз анық. Сол жолда жұмыла еңбек етуіміз қажет. Абай айтқан білім мен ғылымды игермейінше, ешқандай биік бағынбайды. Қазіргі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты – биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін Президентіміз баса айтты. Біз ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу үшін жұмыла еңбек етуіміз қажет. Бұл баршамыздың ортақ міндетіміз деп есептеймін.
Махамбет Өтемісұлы атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
ректоры Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ