01 Тамыз, 2013

Бүлдіршін қызды зорлағандар сотталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында жантүр­ші­герлік оқиға орын алды. Тепсе темір үзетін жеті жігіт кәмелетке толмаған, жасы 16-дағы бүлдіршін қызды жабылып зорлаған.

Оқиға үстіміздегі жылғы 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні болды. Бір көліктің ішінде отырған бір топ еркек дүкен жанында кетіп бара жатқан жас қызды көлікке күштеп мінгізеді. Сөйтеді де, ауыл шетіндегі ескі үйдің орнына апарып зорлайды. Алдын ала жүргізілген тергеу мәліметінде тоғыз адамның жетеуінің осы іске қатыстылығы айтылған. Тіпті, олар қызды ұрып-соғып қана қоя салмай, темекі шоғын денесіне басыпты. Азғындардың ең үлкені 45 жаста болса, ал кішісі 24 жаста екен.

Жақында осы іске байланысты сот үкімі жария етілді. Олардың екеуі 17 жылға, екеуі 16 жылға, тағы екеуі 14 жылға, келесісі 13 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.