Руханият • 10 Қаңтар, 2020

«Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қарттар үйіне барды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушілері елордадағы қарттар үйіне барды. Болашақ офицерлер қайырымдылық акциясын «Еріктілер жылы» құрметіне орай өткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қарттар үйіне барды

«Жас Ұлан» мектебінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері аймақты тазартып, мерекелік концерт пен тәтті шай ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбекерлері жастарға сол кездегі қиын кездерімен бөлісіп, бейбітшілік пен тыныштықты бағалап, қадірін білу керектегін айтты.   

«Біз әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға тиіспіз. Бізде бір жылға осындай бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл іс - шаралардың негізгі мақсаты, кез келген уақытта өз елі мен отандастарына қолдау көрсетуге дайын адамдарды тәрбиелеу» деп атап өтті мектеп басшысы әділет полковник Тлеухан Басхожаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонды өткізу эстафетасы басқа оқу орындарына беріледі.