«Батамен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысына бөлену сот қауымы үшін аса маңызды. Осындай ізгілікке бөленген жандардың алғыс хаттары лек-легімен Жоғарғы Сот Төрағасының хат қоржынына түсіп, толастар емес. Соның бірі Кентау қаласының 33 тұрғынының атынан келіп түскен хатты ерекше атап өту орынды. Сотқа деген сенімдері нығайып, жүздерін күлкі, жүректерін қуаныш кернеген жандардың хаты алғысқа толы.

Кентау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі «б» тармағы және 327-бабының 3-бөлігімен айыпталған Оразбек Тілеуов, Марат Тілеуов және Азамат Құнанбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралған еді. Бұл қылмыстық істің мән-жайы барлық БАҚ-та, соның ішінде "Егемен Қазақстанда" да жарияланып, қылмыстық топтың іс-әрекеттері әшкереленген болатын. Міне, осыған байланысты аталған Алғыс хатта жоғарыдағы қылмыстық топтан зәбір көрген Кентау қаласының азаматтары соттың шығарған үкіміне ризашылығын білдірген, яғни ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес, қылмыскерлерге лайықты жаза қолданылғандығына және Кентау қалалық сотының судьясы Еркін Өсікбаевтың кәсіби біліктілігіне жоғары баға берген.
Соттың шығарған үкімі бұл қылмыстық оқиғаға нүкте қойып, ақ-қарасын айырып берген. Алғыс хатты жолдаушы тұрғындар бүгінгі таңда сот жүйесі тәуелсіз билік ретінде орнығып, азаматтардың құқығын қорғауда заң шеңберінде қалтқысыз қызмет атқарып жатқандығын алға тартқан.
«... Аталған айғақтар негізінде, осы Алғыс хатқа қол қоюшылар Кентау қаласының тұрғындары сот жүйесінде әділдік салтанат құрып, ақиқаттың ақ туын желбіретіп, лайықты жаза қолданғанына көзіміз жетті. Сондықтан Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровқа және Кентау қалалық сотының төрағасы Еркін Оспановқа шексіз алғыс айтамыз. Әрдайым халқымыздың құрметіне бөлене беріңіздер», – деп тілек жолдапты.
«Егемен-ақпарат».