01 Тамыз, 2013

Бітімгерлік бригадасының бүгіні

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

 

IMG 4688

«Қазбриг» бітімгерлік бригадасының «Іле» полигонында әскери қызметшілердің бітімгерлік операциялардағы іс-қимылына жаттығатын оқу қалашығының құрылысы аяқталды. Қалашық құрылысы Қазақстан мен АҚШ Қорғаныс ми­нистрлігі арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары шеңберіндегі «Бітімгерлік операциялары жөніндегі ғаламдық бастама» бағдарламасы бойынша жүргізілді.

 

IMG 4688

IMG 4684

IMG 3819

«Қазбриг» бітімгерлік бригадасының «Іле» полигонында әскери қызметшілердің бітімгерлік операциялардағы іс-қимылына жаттығатын оқу қалашығының құрылысы аяқталды. Қалашық құрылысы Қазақстан мен АҚШ Қорғаныс ми­нистрлігі арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары шеңберіндегі «Бітімгерлік операциялары жөніндегі ғаламдық бастама» бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Жақында «Іле» полигонында оқу қалашығының ресми ашылуы болып өтті.

Оған Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Талғат Исмаилов пен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кеннет Фэйрфакс қатысты.

Полигонда бой көтерген оқу қа­ла­шы­ғы қалалық кварталды имитациялау мақсатындағы үйлерден, көшелер мен қиылыстардан тұрады. Қалашық құрылысын АҚШ Қарулы Күштерінің «See Bees» («Теңіз аралары») әскери инженерлік бөлімшесінің командасы жүргізді. Оқу қалашығы қалалық жердегі әскери операциялар нысаны болып табылады және қалалық жағдайда ұрыс жүргізу қимылдарын пысықтауға арналған. Қалашық металды контейнерлерден тұрғызылған 17 ғимараттан тұрады. Үйлердің жаттығу кезінде әскери қызметшілер кіріп-шығатын есік-терезелері және қалқалары бар. Қазақстандық бітімгерлер бөлімшесінің оқу қалашығында, сондай-ақ патрульдік жасауға, ғимаратты шабуылдауға, кепілге алынғандарды босатуға және бітімгерлік операциялары шеңберіндегі басқа да іс-қимылдарды жүргізуге мүмкіндігі бар.

Іс-шараға қатысушылар ағымдағы жылғы 10 тамызда «Іле» полигонында басталатын «Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік оқу-жаттығулары қарсаңында оқу қалашығының пайдалануға бері­луін ерекше атап өтті. Ал биыл жат­ты­ғуға Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Швейцария, Италия, Тә­жік­стан, Қырғызстан бастаған оннан астам мемлекеттің әскери бөлім­шелері қатысады. Бітімгерлер үшін жа­ңа оқу қалашығының базасында іс-қимылды пысықтау қалалық жағ­дайда тапсырмаларды орындауда үлкен кешенді тәжірибе болары анық.

Оқу қалашығын тапсыру салтанатынан соң «Қазбригтің» бітімгерлік бөлімшесі жергілікті жерді тазарту, "шабуылдау" элементтерін қамтыған сынақ сабақтарын өткізді. Әскери қызметшілердің айтуынша, имитацияланған ғимараттарда дайындалу қалалық жағдайда әскери операциялар жүргізуге шынайы мүмкіндік береді.

«Егемен-ақпарат».