Депутат Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, қабылданған заңдар жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Депутат сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары мен орындалу барысын түсіндіріп берді.
Кездесу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қоғамдық бірлестіктердегі орындалуы көтерілді.
Қалалық мәслихат депутаттарымен бірге елорданы аралау барысында Е.Мамытбеков астаналық №95 бөбекжай-бақшасында, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар орталығында және «№1 арнайы мектеп-интернатта» болып қайтты. 325 баланы оқытуға есептелген мектеп-интернатта нақты 527 адам оқиды. Жалпы елордада аутизм, цереберальды паралич, есту, көру органдары мен басқа да науқастары бар 9 мыңнан астам ерекше балалар тұрады. Мәслихат депутаты З.Жүсіпованың айтуынша, жалпы білім беретін мектептер білікті кадрлардың жетіспеушілігінен ерекше балаларды оқытуға дайын емес. Е.Мамытбеков арнайы мектептердің жетіспеуі мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі туралы тиісті органдарға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.
Сенатор сондай-ақ жаңа теннис орталығының жұмысымен танысып, I-5 (Жастар) ауданындағы нөсер жаңбырды тазарту кәрізінің құрылыстарын көрді.