01 Тамыз, 2013

Патриотизм мен ерлік мінбері

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда ел шекарашыларының «Отан сақшысы – Часовой Родины» атты газетінің 70 жылдық мерекесі аталып өтті.

 

Таяуда ел шекарашыларының «Отан сақшысы – Часовой Родины» атты газетінің 70 жылдық мерекесі аталып өтті.

Мемлекеттік шекара шебінде өзіндік орны бар бұл газеттің мерейтойына арнайы шақырылған қонақтар көп болды. Олардың ішінде белгілі мемлекет қайраткерлері мен ардагерлер, қаламы қарымды журналистер бар. Өңірлік басқарманың клубында өткен салтанатты рәсімді «Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті редакторының міндетін уақытша атқарушы, подполковник Кенжебек Сейтмұхаммедов ашып, газеттің өткен тарихына кеңінен тоқталды.

Мұнан кейін сөз тізгінін алған Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, белгілі мемлекет қайраткері С.Жиенбаев, ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Ш.Өтепов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары генерал-майор М.Телегусов, «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамының президенті Ж.Кенжалин, Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Шабанбаев қалың жұртшылықтың алдында өздерінің жүректерінен шыққан лебіздерін білдірді.

Әрине, аталған газеттің шекарашылар арасында беделді болуы бұл, ең алдымен, әскери тілшілердің заман талабына сай жұмыс істей білетіндігінің белгісі. Бүгінде “Отан сақшысы – Часовой Родины” газеті нағыз патриотизм мен ерен ерлікті ардақтау мінберіне айналды. Алдағы кезде де осылай бола береріне сеніміміз кәміл.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

подполковник.