Сонау 1969 жылы екі алып ел арасында, яғни Жалаңашкөл өзенінің маңында күрделі қақтығыс болғаны белгілі. Сол кезде кеңестік барлау қызметі көршілер үлкен тойтарыс жасауға дайындалып жатыр деген хабар алады. КОКП Саяси бюросында оған қарсы орасан соққы жасау жағы да қарастырылады. Алайда, кеңестік барлаушылар, оның ішінде сол кезде Қазақстан барлауын басқарған Әбдіғали Байғарин тарапынан жүргізілген агентуралық-жедел және ақпараттық жұмыстары арқасында КСРО саяси басшылығы соққы жасау ойларынан бас тартты. Барлаушылар тұрақты түрде әр қылт еткен жағдай барысы туралы басшыларын құлақтандырып отырған. Бұл дерек сенімді де нақты болғанын уақыт көрсетті.

Дегенмен, сонда дейміз, егер барлаушы қателескен болса, онда арадағы жағдай қалай бағыт алар еді? Белгісіз. Белгілісі барлаушының да барлаушысы бар дегендей, қажетті талап деңгейінен табылған жансыздардың бір оңды ісі ғана ел қажетіне мыңдаған пайда қосатыны болып тұр. Олардың өмір бойы басын оққа да, отқа да байлап, тек тыңшылықпен тындырымды еңбек еткендерінің ісіне сай еліміздің сыртқы барлау деңгейінің қаншалықты сатыға көтерілгендігін де қазір анықтауға мүмкіндік туады.
Әрине, барлаудың қанат жаюын еліміздің өркендеуімен бірге жалпы даму үрдісіне қосатындар да бар. Бірақ біздегі барлау қызметіміз ел егемендігінен бұрын қалыптасқандығын, оның ертерек белгілі бір бағыт алып, саяси қалыпқа түскендігін әсте ұмытуға болмас. Ал оның өрісіне тәуелсіздігіміз жаңа күш беріп, соған сай бар жиылған тәжірибе бір арнаға тоғытылып орасан қуатқа айналды десек айдай анық келеді. Міне, бұл бағыттағы атқарылған ізгілікті істерді саралау барысында, оның басы-қасында жүрген немесе әлі де ат тізгінін ұстап тұрған жансыздарды аттап өту мүмкін емес.
Өйткені, шет елде барлау ісімен айналысу қияметтің қияметі. Ондағы қиындықтарға шыдаудың өзі бір бөлек десек, сол қиындықтарды өткеру үшін қажетті біліктілік пен білімділікті игерудің өзі бір төбе ғой. Осындай сынақтарға әбден сыналып, шыңдала кіріскен және оның бәрін көзделген талапқа сай бастан өткеріп, биіктерге көтеріле білген Әбдіғали Байғарин еді. Ол бұл өмірден озып кетті, бірақ оның барлау жолында салған тың ізі дараланып қалды.
Оны көзкөргендер кез келген қысылтаяң жағдайдан уақытылы амал тауып шыға алатын кәсіби, өз ісінің білгірі, барлық деңгейдегі адамдармен тіл табыса алатын және оған қажетті ақпараттарды молынан білетін жоғары интеллектуалды, жан дүниесі бай адам еді дейді. Ол өзін тек рухани, мәдени, біліктілік жағынан ғана байытып қоймай, дене шынықтырудан да алда болған екен. Сондықтан болса керек, ол өткен ғасырдың сонау алпысыншы жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) Семей облысы бойынша басқарма бөлімінің бастығы болып жүргенде КСРО МҚК Бас басқармасына кенеттен шақыртылып, шығыс елдерінің біріне вице-консул ретінде баруына тапсырма жүктелген екен. Оның артында жоғары жақтың жүз ойланып, мың толғанып барып бір адамға сенім білдіргендіктен артқан астыртын міндеті тұрды.
Иә, жасырып қайтеміз, ол кездегі жағдай өте күрделі еді. Сондықтан осы бір кезеңде бұл елде жұмыс істеу, әсіресе, барлау ісімен айналысу тіптен қауіпті болатын. Өйткені, қарсы тараптың да барлау қызметі қарап жатпағаны белгілі. Олардың талай шетелдік барлаушыларды әшкерелеп, өлім жазасына да кескендері бар-тұғын. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, өз ісінің білгірі Әбдіғали Байғаринді бұл қатерлер айналып өтіп жатты. Ол не істеп, не қою керектігін жақсы білді. Бір ғана дере