Руханият • 10 Қаңтар, 2020

Абай — кемел ойлардың кемеңгері

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Бұл еңбек–- ұлы ойшыл Абайдың мол мұрасын бүкіл жұртқа паш етудің, кемеңгердің 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудің кілті деп білемін.

Абай — кемел ойлардың кемеңгері

Президент бізге жол сілтей отыра, Абай шығармаларының құндылықтарын мынау дамыған заманмен салыстырады. Өркениетті елдердің алдында қазақ білімді, білікті, ғылымның дамуына үлес қосуы қажеттігін айтады. Бұған барлық ел болып жұмыла кірісуіміз қажет. Әсіресе, күні-түні көзін телефоннан алмайтын болашақ ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Бойларына асыл мұраны сіңіру шарт. Өйткені, «Жұмыла көтерген жүк қашан да жеңіл».

Жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, олардың тарихқа деген құлшынысын арттыру үшін филармония Абайдың музыка әлеміне қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеп келеді. Бүгінде композитордың әуезді әндері Мемлекеттік академиялық филармонияның репертуарында ойып тұрып орын алған.

Сондай-ақ Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өнер ордасының ұжымы, яғни 700 қызметкер «Көзімнің қарасы» шығармасын орындау бойынша челлендж ұйымдастырды. Бұл ауқымды эстафета еліміздің барлық аймағында жалғасын тапты.

Кемел ойдың кемеңгері Абай Құнанбайұлының есімі ешқашан өлмек емес. Оны бүгінгі ұрпақ ұлықтай береді.

Ерлан ДАКЕНОВ,

Нұр Сұлтан қалалық әкімдігінің

Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры