Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Ләззат Сүлеймен «Әділет» жоғары құқық мектебінде кездесу өткізді

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Әділет» жоғары құқық мектебінде кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Ләззат Сүлеймен «Әділет» жоғары құқық мектебінде кездесу өткізді

Шараға «Әділет» жоғары құқық мектебінің деканы, еліміздің Жоғары соты жанындағы Ғылыми-ақылдастық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Мороз, Қазақстан Ұлттық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қазақстан Медиаторлар одағының президенті, ассоцияланған профессор Светлана Романовская, адвокаттар, ғалымдар мен докторанттар қатысты.

Кездесу депутат бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында өтті. Онда заң жобасына енгізілетін өзгерістер қаралды.

Жүздесуге қатысушылар Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың келешегін, соттан тыс және сотқа дейін дауларды реттеу институттарын мемлекеттік реттеу тетіктерін, сондай-ақ медиацияға қатысты өзекті мәселелерді қызу талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өтетін жұмыс тобының отырыстарында қарастырылып, зерттелетін болады.