01 Тамыз, 2013

Құр байбалам ба, шындық па?

158 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

АҚШ-тың ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының сарапшылары 2014 жылдың ортасына қарай Иран ядролық бомба жасауға толық қол жеткізеді деп жариялады. Сөйтіп, өзі де тыныштығы аз Таяу Шығысты тағы бір дүрліктіріп қойды.

Шарайна

Құр байбалам ба, шындық па?

АҚШ-тың ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының сарапшылары 2014 жылдың ортасына қарай Иран ядролық бомба жасауға толық қол жеткізеді деп жариялады. Сөйтіп, өзі де тыныштығы аз Таяу Шығысты тағы бір дүрліктіріп қойды.

Сарапшылар Иранның ядролық нысандары шоғырланған «Натанц» пен «Фордоға» қазірдің өзінде уран байытуға қолданылатын мыңға жуық центрофугалар орнатылғанын айтады. Міне, осылар келер жылдың ортасына дейін ядролық қаруға қажетті байытылған уран жинақтай алады екен. Сарапшылар МАГАТЭ-ге осы нысандарды қатаң бақылауға алуы керектігін ескертті.

Қаржы қоры қапы қалдыра ма?

Сейсенбі күні Қытайдың қаржы рыногының индексі 2009 жылғы ең үлкен құлдыраумен салыстырғанда 43 пайызға түсіп кетті. Бұл әлемде жалғыз Грекиядан басқа елдердегіден төмен. Осыған қарап көптеген сарапшылар Қытайдың қор рыногын қайта оңалмас деп бағалап отыр.  

Алайда, Қытайдың қайта өрлеуінен күдер үзбей отырған мамандар да жоқ емес. Өйткені, өсу қарқыны 2009 жылға дейін АҚШ-ты басып озуға аяқ басқан қор рыногы бірден құлдырап кетеді дегенге олар сенбейтін сияқты. Еске алатын болсақ, сол 2009 жылы Қытайдың қор рыногындағы акциялар 3,2 трлн. долларға жеткен. Ал АҚШ-тікі ол кезде 11,2 трлн. болатын.

Жаңа президентті ұлықтау

Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Хасан Роуханиді ұлықтау 3 тамызға белгіленген. Еске сала кететін болсақ, 64 жасар Х.Роухани елдегі сайлаушылардың 72 пайызы дауыс берген сайлаудың алғашқы турында-ақ 50,2 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Ол шахқа қарсы күресте Аятолла Хомейнидің жағында болған белсенді күрескерлердің бірі. Иран президентін ұлықтау рәсіміне Ресей тарапынан В.Путин емес, Мемлекеттік Думаның спикері С.Нарышкин баратынын мәлімдеді кеше президенттің баспасөз хатшысы Д.Песков.

Көп шу болса да, көп шығын жоқ

Соңғы жылдары Мәскеудің ең үлкен телеорталығы «Останкино» кеше екінші рет отқа оранды. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметіне қарағанда, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан немесе декорацияларды бояу кезінде технологиялық процестерді бұзудан шыққан.

Мыңнан артық адамды улатып-шулатып, телеорталықтан далаға қуып, біраз қарбалас қылған өрттің шығыны соншалық үлкен болған жоқ. Ол дер кезінде өшірілді. Алдын ала есептерге қарағанда, келтірілген шығын 120 мың рубльден аспайтын сыңайлы. Мұның алдындағы өртте үш адам қаза болған еді.

Фашистерді жарнамалау жақсылық емес

Немістің DerLandser журналы америкалық еврейлердің зәре-құтын алып отыр. Өйткені, онда неміс ұлтшылдығын мақтап, СС солдаттарының «ерлігі» дәріптелген көрінеді. Қазір америкалық еврей­лердің Симон Визенталь орталығы неміс билігінен журналды жабуды талап етіп отыр.

Еврей қауымын дүрліктірген журналдың соңғы нөмірлерінің біріндегі неміс-фашист солдаттарының Грекияда түскен суреттері екен. Онда неміс солдаттары жергілікті тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесіп, жақсы көңілде тұр. Өздерінен басқа адамзатты құртуды көздеген армияның солдаттарын бұлай бейнелеуге болмайды, дейді еврей қауымдастығы. Бұл аталмыш журналдың бірінші рет сынға ұшырауы емес.

Альпинистер аман қалды

Грузин құтқарушылары Сванетия­­дағы Шхара тауына шығып, ондағы ең биік шыңды «бағындыруға» келген Польшаның төрт альпинисін ажалдан құтқарып қалды. Құтқару операциясы ауа-райының күрт бұзылуынан үш күнге созылды.

Бірақ, бәрі де сә