Қазақстан • 12 Қаңтар, 2020

Бүгін ауа райы қандай болады?

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады.

Бүгін ауа райы қандай болады?

12 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 

Түркістан облысында тауда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.

Республиканың басқа өңірлеріне келетін болсақ, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Атырау облысында күндіз боран соғып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жел күшейеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында секундына 23 метрге дейін жел күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі.