01 Тамыз, 2013

Инвестиция ауылға неге тартылмайды?

553 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

 

Мойнак биткен 3Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек, инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс табу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат болып табылады. Пысықтай түссек, негізгі капиталға салынатын инвестиция шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. Негізі инвестиция құрылыс нысанына материалдық, бейматериалдық капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, материалдық қорды толықтыруға жұмсалатын қаражат. Қазақы жалпақ тілмен айтсақ, негізгі капитал нысанына үй, ғимарат, көлік пен оның жабдықтары, мал, екпе ағаштың бау- бағы, жер қойнауын барлау, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер мен соны ақпарат жатады. Зерделеп отырсаңыз, бұл адам өмірін жақсарту үшін күнделікті қажеттілікті өтеу. Шыны керек, осы орайда мемлекеттік саясатқа сай Алматы облысында да жүйелі түрде сан қырлы жұмыс жүргізілуде. Бірақ... Иә бірақ облысқа тартылған инвес­тиция шалғайдағы ауылдарға жете ме? Салыстырмалы түрде өндіріс орындары үсті-үстіне ашылып жатқан Іле, Талғар аудандарына тартылған инвестиция мен сол инвестицияны тарту кенжелеп қалған Райымбек, Балқаш аудандарындағы ахуал қалай? Аудан орталығына түскен инвестиция қандай да бір жолмен шетқақпайланып, облыс қана емес, ел шекарасында жатқан ауылдарға не үшін тартылмайды? Осы орайда шығыстағы көршіміздің шекаралық өңірде істеп жатқан жұмысы біздің елде дәл сол шекаралық аудан тізгінін ұстаған азаматтарды толғандыра ма? Осынау өзекті мәселенің бір ғана қырын саралап, ой елегінен өткізелік.

 

 

 

Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек, инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс табу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат болып табылады. Пысықтай түссек, негізгі капиталға салынатын инвестиция шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. Негізі инвестиция құрылыс нысанына материалдық, бейматериалдық капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, материалдық қорды толықтыруға жұмсалатын қаражат. Қазақы жалпақ тілмен айтсақ, негізгі капитал нысанына үй, ғимарат, көлік пен оның жабдықтары, мал, екпе ағаштың бау- бағы, жер қойнауын барлау, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер мен соны ақпарат жатады. Зерделеп отырсаңыз, бұл адам өмірін жақсарту үшін күнделікті қажеттілікті өтеу. Шыны керек, осы орайда мемлекеттік саясатқа сай Алматы облысында да жүйелі түрде сан қырлы жұмыс жүргізілуде. Бірақ... Иә бірақ облысқа тартылған инвес­тиция шалғайдағы ауылдарға жете ме? Салыстырмалы түрде өндіріс орындары үсті-үстіне ашылып жатқан Іле, Талғар аудандарына тартылған инвестиция мен сол инвестицияны тарту кенжелеп қалған Райымбек, Балқаш аудандарындағы ахуал қалай? Аудан орталығына түскен инвестиция қандай да бір жолмен шетқақпайланып, облыс қана емес, ел шекарасында жатқан ауылдарға не үшін тартылмайды? Осы орайда шығыстағы көршіміздің шекаралық өңірде істеп жатқан жұмысы біздің елде дәл сол шекаралық аудан тізгінін ұстаған азаматтарды толғандыра ма? Осынау өзекті мәселенің бір ғана қырын саралап, ой елегінен өткізелік.

Акшатау

Мойнак биткен 3Индустрияландыру картасы аясында 2010 жылы Іле ауданындағы «Danone Berkut» сүт өнімдерін өндіру зауыты іске қосылды. Инновациялық тәсілді қолданатын осы зауыт жылына 10 мың тоннадан аса сүт өнімдерін шығарып, импорттық тауарлардың орнын басуда. Сондай-ақ, «Кормовик-Евротехнология» зауыты бұрын-соңды басқа өңірлерден алынатын мал және құс фермаларына арналған премикс және концентраттарды жүйелендірді. Іле ауданында «Sonіk компаниясы» ЖШ С қуаттылығы жылына 10 мың тоннаға дейін профильдік құбырлардың 18 түрін шығаратын инновациялық зауытты іске қосты. Сондай-ақ «Боралдай» индустриялдық аймағы құрылып, онда 70-ке жуық өнеркәсiптiк кәсiпорындар 3000 аса жаңа жұмыс орнын ашты. Ал, Талғар ауданындағы «Амиран» балаларға арналған сүт өнімдерін өндіру зауыты балаларға арналған инновациялық жаңа сүт тағамдарын шығаруда. «Байсерке Агро» агроөнеркәсіп компаниясы да аталған ауданда ет және сүт өнімдерін өндіретін кешенін және т.б. бірқатар агроөнеркәсіптік кешендерді іске қосты. Сонымен қатар, Талғар ауданындағы «Hyundai Auto Trans» зауытында бір жылдан аса уақыттың ішінде 1 мыңға жуық Hуundai маркалы жүк көліктері мен автобустары шығарылды. Бұл қуанарлық жай. Ел экономикасы өркендеп өскен сайын тұрғылықты халықтың тұрмысы түзеліп, әлеуметтік жағдайы жақсаратыны анық. Оңтүстік астананың іргесінде орналасқандықтан жоғарыда аталған аудандардың мүмкіндігі мол. Нарықтық экономика талабына сай өндірілген өнімге сұраныс артқан сайын сол өнімнің саны да, сапасы да жақсара түсері хақ. Бірақ бүгін осылай болды екен деп ертеңгі күнді ұмытуға болмайды ғой. Күнкөріс қамы үшін шалғайдағы ауылдардың тұрғындары әлеуетті аудандарға үдере көшіп, елді мекендерді құдды құмырсқаның илеуіндей жасауды уақыт атты төреші көтермейді. Жағрафиялық орналасу ыңғайлылығына орай өзге аудандарға да табиғат-ана тіршілік көзін ашатын мүмкіндіктер туғызған. Бір ғана мысал айтсақ, кеңестік дәуірде құрылысы бас­талып, аяқсыз қалған Райымбек ауданындағы Мойнақ ГЭС-і бүгінде әлемдік деңгейдегі жер астын ұңғылау әдісімен салынған алдыңғы үштікке ілінгені мәлім. Су бөгетінің биіктігі 94 метр, қуаттылығы 300 МВт болатын Мойнақ ГЭС соңғы жиырма жылда салынған алғашқы энергетикалық нысан болып саналады. Ағымдағы жылы Елбасы Мойнақ ГЭС-не арнайы барып, өз қолымен екінші гидромашинаны іске қосып берген еді. Сол сәттен бастап екі гидромашина ауысыммен жұмыс істеп тұр. Бір жылда беретін электр қуаты 1 млрд. 27 млн. киловатт сағатты құрайды. Ол дегеніміз, алдағы уақытта Алматы облысының толығымен электр қуатына қажеттілігін өтеп қоймай, Алматы қаласының да және республикамыздың оңтүстік өңірінің де электр қуатына қажеттілігін өтеу болып табылады. Бұл жерде баса айтар жайт Мемлекет басшысының ұйғарымымен атқарылған жұмысты бетке ұстап, ірі сома арқылы ауданға тартылған инвестициялық қаражат мөлшерін дабырайта бермеген жөн. Әр әкім өз кезегінде ел мен жер алдындағы перзенттік парызын адал өтеп, сол өлкеде өзіндік қолтаңбасын қалдыра білсе құба-құп. Оған бейресми мәліметтерде айтылатын «қол ішіне имек» дегенді тыйып, қашанда таразы басын тең ұстау керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Сөзіміз нақтылы болуы үшін Райымбек ауданы әкімдігінен алған дерекке жүгінсек. Райымбек ауданы бойынша 2010-2013 жылдар аралығында тартылған инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың 6 айында барлығы 1001,8 млн. теңге болса, соның ішінде республикалық бюджеттен 397,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 261,6 млн. теңге, жеке қаржы 215 млн. теңге, несиемен 127,8 млн. теңге деп тізбеленеді. Ал шетелден соңғы үш жарым жылда ешқандай инвестиция тартылмаған. Енді осы көрсеткіштерді сараптасақ Кеген – 1263 млн. теңге, Текес – 247 млн. теңге, Нарынқол – 648,28 млн. теңге, Қайнар – 120,6 млн. теңге, Саты – 264,3 млн. теңге, Сүмбе – 208,4 млн. теңге, Ұзақ – 194,7 млн. теңге, Ұзынбұлақ – 45,4 млн. теңге, Қарқара – 89,7 млн. теңге, Жалаңаш – 323,6 млн. теңге, Жамбыл – 105 млн. теңге, Жылысай – 348 млн. теңге, Қарасаз – 170 млн. теңге, Шырғанақ 11 млн. теңге деп тізбеленеді. Ауылдық округтерге негізінен «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырларын жөндеу жұмыстарына, сосын ішінара автокөлік жолы, мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулаторияға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл бюджет қаражатын мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіре бөлу, инвестиция тартып, жаңа жұмыс орнын ашып, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту емес. (Мемлекеттік бағдарлама аясында бюджет қаражатының қайда, қалай жұмсалғандығын екшеу, қашанда қалт айтпайтын халық сөзімен растап тиісті орын назарына ұсыну алдағы күн еншісінде.)

Мойнак биткен 4

Сөз реті келгенде айта кетсек, Райымбек ауданы тұрғындарының жеке қаржысымен 2010-2013 жылдар аралығында 9712,7 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылыпты. Мойнақ ГЭС-іне несие қаражаты бойынша 34711,9 млн. теңге және Қытай Халық Республикасының Даму банкі арқылы 30 млрд. теңге шетелдік инвестиция