Руханият • 13 Қаңтар, 2020

«Біз – Абай жолындамыз!» (Ғалымдар мен жастар Президент мақаласын талқылады)

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнан­­байұлы­ның 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасыр­дағы Қазақстан» атты мақаласын зерделеуге арналған іс-шара өтті.

«Біз – Абай жолындамыз!» (Ғалымдар мен жастар Президент мақаласын талқылады)

«Біз – Абай жолындамыз!» атты шараны Л.Н. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің ректоры, ҰҒА ака­де­мигі Ерлан Сыдықов кіріс­пе сөз сөйлеп ашты. ҰҒА ака­демигі Ғарифолла Есім, Журна­листика мәселелерін зерттеу институтының директоры, көр­некті ғалым Намазалы Омаш­ұлы, «Заманауи зерттеу­лер» ғылыми-зерттеу инсти­туты­ның директоры, PhD Мұхит Сыдық­назаров, Саясаттану кафед­расының меңгерушісі, Прези­денттік жастар кадр резерві­нің мүшесі, Абай мұрасын ха­лық­аралық деңгейде насихат­тау жобасының жетекшісі Ин­дира Рыстина, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының мең­герушісі, айтыскер-ақын, филология ғы­лым­дарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, Жараты­лыстану ғылымдары факу­ль­тетінің 3-курс студен­ті, «Qamqor» еріктілер қоз­ға­лы­сы­ның мүшесі Диана Сай­­лаубаева «Ұлттық бол­мыс­тың үлгісі», «Жаңа қоғамның жана­шыры», «Мемлекет ісінің мүд­десі», «Әлемдік мәдениеттің тұл­ғасы», «Торқалы тойдың тағы­лы­мы» тақырыбында ой қозғады.

Сондай-ақ студенттер шара барысында Абай, Шә­кәрім, Әлихан бейнесін сомдап, университет ректоры Ерлан Сыдықов «Отырар» кітапханасына академик Серік Қирабаев тапсырған «Абай жолы» эпопеясының алғашқы тарауынан үзінді оқып, эстафетаны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен әлемді аузына қаратқан әнші Димаш Құдайбергеновке, Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы, Олимпиа­да чемпионы Серік Сәпиевке тапсырды.

Іс-шара соңында «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі,   ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап, игі шараға жиналғандар естелік суретке түсіп тарқасты.