Қала әкімі Сержан Аймақов кеншілерді мерейлі датамен құттықтап, еңбекте озат шыққан бір топ қызметкерге құрмет грамоталарын табыс етті. Сонымен қатар, мерейтой салтанатында үздік қызметкерлер I және II дәрежелі «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды.
Қазіргі таңда «Тентек» шахтасында 1218 адам еңбек етеді. Өткен жылы кәсіпорын 677 357 тонна «қара алтын» өндірді.
– Қырық жыл ішінде толайым табыстарға қол жеткіздік. «Тентек» шахтасы жас кәсіпорын. Оның болашағы өте зор, – дейді «Тентек» шахтасының директоры Төлеген Шаяхметов.
Қазіргі уақытта шахтада жаңа оқпан құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның болжамды тереңдігі – 830 метр. Мұндағы көмірдің өнеркәсіптік қоры 90 млн тоннадан асады және ол 60 жылға жетеді деп есептелген. Жоспарға сай нысан 2021 жылы пайдалануға берілуі тиіс.