Тағайындау • 13 Қаңтар, 2020

Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

1107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Темірхан Абылаев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Темірхан Серікбайұлы Абылаев 1973 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1997 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша  және  2004 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Ұлытау ауданындағы Шеңбер совхозының №3 фермасында шопанның көмекшісі, содан кейін аға шопан болып бастаған.

1997 жылы Ұлытау ауданының №2 Қорғасын орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болды. 1998 жылы «Анненск» кенішінде бұрғылаушы болып жұмыс істеді. 1999 жылы №13 Жезқазған орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.

2000 жылдан 2008 жылға дейін Жезқазған қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы болып еңбек етті. 2008 жылы мектеп директорының қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін Жезқазған олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы болды. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарды.