«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі Италияда концерт беріп жүр. Ол жұртшылыққа еуропалық классика, қазақ фольклорлық және заманауи музыка шығармаларын ұсынуда. Гастроль биылғы наурызда басталған «Қазақстан – балалық шағымның аспаны» атты Италиядағы мәдениет күндерінің жалғасы болды.
«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі Италияда концерт беріп жүр. Ол жұртшылыққа еуропалық классика, қазақ фольклорлық және заманауи музыка шығармаларын ұсынуда. Гастроль биылғы наурызда басталған «Қазақстан – балалық шағымның аспаны» атты Италиядағы мәдениет күндерінің жалғасы болды.
Алматыда 93 отбасына жаңа пәтердің кілті берілді. Кеше осыған арналған рәсімде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2015 жылға дейін есептелген ескі үйлерді бұзу шеңберіне 55 үйдің кіргенін айтып, бағдарлама аясында жалпы аумағы 161,6 мың шаршы метр болатын 2 710 пәтерлі 61 тұрғын үйдің салынатынын жеткізді.
Байқоңырдағы экологияны қорғау өкілеттігі «Роскосмосқа» берілді. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, агенттік ендігі жерде экологиялық қауіпсіздікті, кешенде орналасқан нысандарға қатысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ережелерін қамтамасыз етуге жауап береді.
Астанада заңсыз қойылған 20-дан астам павильон алынады. Олардың қатарында Сарыарқа ауданындағы 21 гүл және көкөніс павильондары бар.
Қостанай облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұл жөнінде мәлімдеген облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жыл басынан бері жұмыссыздар санын 1 967 адамға немесе 0,8 пайызға қысқартуға қол жеткенін мысалға келтірді.
Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы биылғы жылы 16 млн. теңгенің қайтарылуына ықпал етті. Осы уақыт аралығында прокуратура әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты 24 тексеріс жүргізіп, 232 рет заң бұзылғанын анықтады.
Павлодар облысында «Мектепке жол» шарасы қолға алынды. Қайырымдылық қозғалысының қатысушылары 5 жыл ішінде 60 мың балаға қолұшын созып, олар үшін 220 млн. теңге жинады. Ал бүгінде аймақта 10 мың бала көмекке мұқтаж.
Қызылорда полицейлері сора еккен азаматтарды қолға түсірді. Атап айтқанда, Қазалы ауданының тәртіп сақшылары «Көкнәр-2013» алдын алу іс-шарасы барысында Кәукей елді мекенінен 150 шақырым қашықтықтағы есірткі алқабын анықтады.
Жылдамдықты арттырған астаналық жүргізушілерге 0,5 млрд. теңгеге жуық айыппұл салынды. Өткен 7 айда елордада жылдамдық асырудың 59 мың оқиғасы тіркелді. Соған орай жол ережесін сақтамағандардың мекен-жайларына 38,5 мың ұйғарым жолданған.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.