Тағайындау • 13 Қаңтар, 2020

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Арман Лямбеков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Арман Сапарғалиұлы Лямбеков 1970 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша және 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетін «Агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарқаралы АІІБ экологиялық милиция инспекторы болып бастады.

1998 жылы «Қарқаралы АТП» АҚ кезекші механигі болып жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Қарағанды қалалық Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарды.

2005 жылы Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы болып қызмет етті.

2006 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010-2013 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының АӨК және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі болды. Қазіргі тағайындалғанға дейін осы бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар