01 Тамыз, 2013

Ауылдағы өңдеуші кәсіпорын

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігіміздің ал­ғаш­қы жылдарында­ «Сұл­тан» элеватор-диір­мен-ке­шені» кә­­сіпорны Пе­тро­павл қа­ла­сында салынып, макарон­ның нешеме жеңсік түрлерін шы­ғара бастағанда «е, енді оған жүрегі дауалап бәсе­ке­лес шыға қоймас» деген ойда болған едік. Өйткені, Анадолы елінен мол инвести­ция құйған түркиялық бауы­рымыз Окан бей аз ғана жыл­дың ішінде Қазақстан рыногымен қоса алыс-жа­қын шетелдерді де сапалы өнімдерімен жаулап ал­ған-ды. Қазір әлемге таны­мал ірі алпауыттардың бірі. Сөйтсек, жаңылысқан екенбіз.

 

IMG 1286

IMG 1182Тәуелсіздігіміздің ал­ғаш­қы жылдарында­ «Сұл­тан» элеватор-диір­мен-ке­шені» кә­­сіпорны Пе­тро­павл қа­ла­сында салынып, макарон­ның нешеме жеңсік түрлерін шы­ғара бастағанда «е, енді оған жүрегі дауалап бәсе­ке­лес шыға қоймас» деген ойда болған едік. Өйткені, Анадолы елінен мол инвести­ция құйған түркиялық бауы­рымыз Окан бей аз ғана жыл­дың ішінде Қазақстан рыногымен қоса алыс-жа­қын шетелдерді де сапалы өнімдерімен жаулап ал­ған-ды. Қазір әлемге таны­мал ірі алпауыттардың бірі. Сөйтсек, жаңылысқан екенбіз.

Облыс орталығынан шалғай Есіл ауданында орналасқан «Егін» ЖШС диірмен-макарон кешенін пайдалануға беріпті дегенде бастапқыда сенбегеніміз рас. Кейін оның тұсаукесеріне куә болдық. 2011 жылы желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан телекөпірде іске қо­сылып, алғашқы өнімін көпші­лік­ке ұсынды. Содан бері үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы аясында­ жұмыс істеп келе жатқан шаруашылық өз өнімдерін «Қазақстанда жасалған» деген белгімен елімізден тысқары Түркіменстан, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Ауғанстанға жөнелтеді. Бұған дейін тек егін­шілікпен айналысса, енді астық өнімдерін ұқсатып, өткізумен де шұғылданатын бірегей ірі агроқұрылымға айналды.

IMG 1286

–Алғашқы жылдары 3-4 мың гектар алқапқа астық өсіріп жүрдік. Кейін оның көлемін екі есеге дейін көбейттік. Әр жыл сайын мол түсім жиналып, машина-трактор паркімізді жаңалап алдық. Бірде тиісті орындар тарапынан жеңілдетілген несиелік қаржы арқылы жұмыс істеу жөнінде ұсыныс түсті. Оны құп алып, Үкіметтің зор қамқорлығын тиімді ұқсаттық. Астық кептіргіші бар әрі бидай тазалайтын кешен, сыйымдылығы 20 мың тонналық астық сақтайтын қойма орнаттық. Ісіміз одан әрі оңғарылып, гектар берекелілігін 30 центнерге дейін жеткізген кездеріміз болды. Бұрындары қуаңшылық жылдары 14 центнер өнім алу өңіміз түгіл түсімізге енбейтін.

Мемлекеттің жан-жақты көрсетілген демеуқаржысы жайлы осылайша толғана сөйлеген «Егін» ЖШС-нің бас директоры Владимир Чубыкин маңдай термен өсірілген ризықты өз кәсіпорнында толық ұқсатып, одан алынған дайын өнімді өт­кізу туралы шешімге келу үшін он ойланып, мың толғанған тәрізді. Алға қойған игі мақсатын толыққанды орындау үшін Қазақ­стан нарығын жан-жақты зерттеп, ой сүзгісінен өткізген секілді. Ресейге дейін сапарлап қайтыпты. Содан қабырғасымен кеңесе келіп, біртіндеп іске асыруға кіріскен. Үкіметтің 150 миллион теңге қаржылық қолдауына ие болып, тәулігіне 120 тоннаға дейін бидай өңдейтін диірмен кешенін сатып алған. Шетелдік озық құрал-жабдықтар орнатылған. Астық сақтауға арналған 12 мың тонналық 4 қондырғы бой көтеріп, 50-ге тарта адам тұрақты жұмысқа тартылған. Осылайша, өз жолын тауып, үлкен сенімге бөленген серіктестік Индустрияландыру картасы шеңберінде жарты миллиард теңгенің жаңа жобасын игеруге бел буған. Бір миллион доллардың құрал-жабдықтары Италиядан жеткізілген. Олардың қатарына 10-ға жуық макарон өнімдерін шығаратын, кептіретін, қаптайтын заманауи қондырғылар орнатылып, жылдық қуаттылығы 4 мың тоннаға дейін жеткізілген. Қазір мұнда «mr*MacCaroli» мар­касымен әртүрлі килолық қап­тамаларда макарон Қы­зылжардың сапалы бидай ұнынан жасалады. Кәсіпорын бұдан тысқары жоғары, бірінші сұрыпты ұн, түйіршектелген ви­таминді кебек өндіреді. Тауар сапалылығы жоғары баға­ланып, «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесіне, «Қараөткел-2012» агроөнеркәсіп жетістіктері көрме-жәрмеңкесіне қатысқан. Ауыл шаруашылығы министрінің дипломымен марапатталып, өңірлік байқаулардың жеңімпазы атанған.

Облыс басшыларының қол­да