01 Тамыз, 2013

Телефон арқылы сөйлесті

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­баев Ресей Федерация­сы­ның Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу кезінде мемле­кет басшылары екіжақты ынты­мақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, интеграциялық үде­рістерді дамыту саласындағы уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Санкт-Петербург қаласында өтеді деп жоспарланып отырған G-20 саммиті бағдарламасының негізгі аспек­тілері туралы да сөз қозғады.

Бұған қоса, екі мемлекеттің көшбасшылары өңіраралық ын­тымақтастық перспективаларын, соның ішінде биыл Бішкекте өтеді деп күтіліп отырған Шан­хай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады.

Соңында тараптар екіжақты және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет­ті­гіне тоқталды.