Хоккей • 14 Қаңтар, 2020

Овертаймда басым түсті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубы «Барыс Аренада» Ярославльдің «Локомотив» командасымен ойнады.

Овертаймда басым түсті

Кездесудің алғашқы кезеңінде «Барыс» Никита Михайлис пен Корбэн Найт соққан шайбадан кейін 2:0 есебімен алға шықты. Екінші кезең бастала сала қонақ команда жылдам шайба соғып, есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Гол авторы – Антон Ландер. Дегенмен арада 10 минут өткенде Дастин Бойд «Барыстың» үшінші голын соққан еді. Бірақ «Локомотив» хоккейшілері бір минуттан соң есепті 3:2-ге жеткізді. Үшінші кезеңде сан басымдығына ие болған қонақтар үшінші голын соғып, есепті теңестіріп кетті. Бұл жолы Стефан Да Коста мергендігімен көзге түсті. Негізгі уақыт тең аяқталған соң бәсеке овертаймға жалғасты. 62-минутта Антон Сагадеев «Локомотив» қақпасынан саңлау тауып, «Барысқа» маңызды екі ұпай әперді.

Жерлестеріміз келесі кездесуін бүгін Уфаның «Салават Юлаев» командасымен өткізеді.