Михал біздің Ұлттық құрамадан бөлек, өз Отанындағы «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарында және Чехия Ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Сондай-ақ, костарикандық «Картахинес», словакиялық «Ружомбероке», грузиялық «Динамо» (Тбилиси) клубтарындағы жұмыс тәжірибесі бар.
Чехия Ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шығып, Чехияның жасөспірімдер құрамасымен ЕУРО-да қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ «Спарта» командасымен ел чемпионатында топ жарып, кубокты жеңіп алған.