01 Тамыз, 2013

Лукашенконың ұстаған балығы Путиндікінен 3 есе үлкен болып шықты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко Гомель облысында Припять өзенінде 57 кило келетін жайын ұстап алғанын айтып мақтанған көрінеді. Бұл туоалы ВВС Орыс қызметі хабарлады.

Мұның жөні мынадай. Бұқаралық ақпарат құралдары өткен аптада ғана Ресей президенті Владимир Путиннің премьер-министр Дмитрий Медведевпен бірге, жандарына осы елдің тумасы Сергей Шойгуды жандарына алып, Тувада балық аулауға барғандарында 20 килолық шортан ұстағанын жарыса хабарлаған еді.

Путин с рыбой

Ал Беларусь президентінің айтуынша, Припять өзенінде мұндай ірі балық ұстау күні кешеге дейін мүмкін болмапты. «Енді ол жердегі мәселе реттеліп, қолыңды суға салсаң балық тістеп алатындай деңгейге жетті», - деп мәлім етті Лукашенко аңшылық пен балық аулау ережесін жетілдіру тақырыбымен өткен жиналыста.

Припять өзені Украина мен Беларусьтің оңтүстігі арқылы өтеді. 1986 жылы Чернобыль АЭС-інде болған апаттан кейін бұл өңірдегі балық шаруашылығы бәсеңдеп қалған болатын.

Сұлтан Бозайғыр.