31 Шілде, 2013

Американың Детройт қаласында үйлер 1 доллардан сатылуда

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Детройт-2

Американың бір кездері көлік жасаудың үлкен орталығы болған Детройт қаласынан жұрттың жаппай кете бастауынан үйлер қаңырап қалып жатыр. Соның салдарынан олардың сатылу құны 1 долларға дейін түсіп кеткен. Бұл туралы Yтро.ru хабарлады.

Бір қызығы, баспасөзде жазылып жатқандай, қазір бұларды осы шартты бағаға да алушылар табылмай жатқан көрінеді. Сондықтан көптеген құрылыс нысандарын банктер сатылымға ұсынуда. Олар осы үйлерді берешектері үшін иелерінен тартып алған. Енді олардан қайта құтыла алмай отыр. Себебі, бұл үйлер үшін салық төлеу керек.

Бір айта кететіні, Детройт қаласында жылжымайтын мүлікке салынатын салық елдегі ең жоғарғы салық болып табылады. АҚШ-тың автокөліктер астанасы 40 жыл бұрын құлдырай бастады. Сол кезде америкалық автоөнеркәсіптің жағдайы нашарлаған еді. Детройттың бюджеттік дефициті $380 млн. құрайды, ал жалпы берешегі $17 - $20 млрд. сомасына жетіп отыр. Қала билігі шілде айының ортасында сотқа Детройт қаласын банкрот деп танысын деген өтініш жасады.

Қайрат Қожаназар.