Ливияда бұрынғы көсем Муаммар Каддафидің кезінде Білім және ақпарат министрі болған Ахмед Ибрагим өлім жазасына кесілді. Ол М. Каддафидің немере ағасы болып есептеледі. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Сот А. Ибрагимді атуға үкім шығарды. Дегенмен, бұл үкімнің қашан іске асыралатыны белгісіз. Белгілісі, оған 2011 жылы Каддафи билігіне қарсы ереуілге шыққан азаматтардың өліміне байланысты айып тағылды. Бұл жаза Каддафи режимінің шенеунігіне қатысты алғаш рет қолданылып отыр.
Бақытбек Кенешұлы.