Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәліметінше, Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан.

Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

Суретті түсірген: Рымгүл Божақанова

Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы  12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы  да алтын медальға ие болды.               

- Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте дарынды оқушы. Мен Диярды 7-сыныптан бастап олимпиадаға дайындап келемін, - дейді физика пәнінің ұстазы Назымгүл Кәрімова.

Дияр 2017 жылы қола медаль, 2018, 2019 жылдары алтын медаль иегері атаныпты.

Ол еліміздегі ең мықты 8 физиктің қатарына енген оқушы.

Ұстазы Назымгүл апайының айтуынша, Дияр еліміздің  атынан Халықаралық физика олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Қазір Диярдың қолында Ресей жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті, «Қазақ-Британ» университеттері берген гранттары бар. Және де IELTS халықаралық емтиханының нәтижесі бойынша да жоғарғы көрсеткішке ие, 8,0 ұпайды жинады.