01 Тамыз, 2013

Күйеуіне ренжіген әйел жоғары қабаттан жерге секіріп қаза тапты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливан мемлекетінің астанасы Бейрут қаласында күйеуі әйелінің көпқабатты үйден секіріп кеткенін ұялы телефонның камерасына түсіріп қалған. Бұл туралы «Lifenews.ru» хабарлап отыр.

888Бейнежазбада АмнаИсмаельдің өз пәтерлерінің балконында екі аяғын төмен қарай салбыратып отырғаны бейнеленген. Бұл көріністі түсіріп тұрған оның күйеуі КифахФайруздың әйелін бұл әрекеттен бас тартуын сұрап, барынша жалынып жатқаны естіледі.

– Амна, саған не болған? Өтінемін, қымбаттым, мені ойламасаң да анаңды ойлашы, – деп жан дауысымен жалбарынып жатқан күйеуі қанша тырысқанымен сұмдықтың бетін қайтара алмады. Біраз уақыт күйеуіне қарап жауап қайтарып отырған әйел кенет төмен қарай сырғып кетіп қаза табады.

Бейрут қаласының полициясы суицид фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар арасында үнемі ұрыс-керіс болып жататын. Бұдан бұрын да АмнаИсмаель бірнеше рет өз өзіне қол жұмсауға баратынын айтып, күйеуін қорқытқан көрінеді.

Полиция КифахФайрузды кепілдікпен босатты. Оған қарсы қандай да бір айыптың тағылуы не тағылмауы әзірге белгісіз.

 

Айдар Өрісбаев.

{youtube}EuA_v7b1Kdw{/youtube}