Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Қарағандыда ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қарағандылық ардагерлерге 1 миллион теңгеден берілетін болды. Бұл туралы Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев аппарат кеңесінде хабарлады.

Қарағандыда ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

–Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды. Дәстүр бойынша 9 мамыр күні «Мәңгілік Алау» әскери даңқ мемориалында еске алу митингісі өтеді. Жеңіс саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем алады, деді ол.

Сонымен қатар «Ардағым – Ардагерім» акциясы аясында ерікті жастар тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу мақсатында қарт адамдардың үйлеріне барады.

Ақпан айында совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толады. Бөлім басшысының айтуынша, жауынгер-интернационалистерге 100 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілмекші.

Қазіргі таңда Қарағандыда Ұлы Отан соғысының 38 қатысушысы мен мүгедегі бар. Сонымен қатар, облыс орталығында Ауғанстанда әскери борышын өтеген 698 ардагер тұрады.