02 Тамыз, 2013

Үш жасар бала 1,5 тәулік бойы кәріз ішінде тұрған (видео)

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбия құтқарушылары су тасқыны кезінде күшті ағыспен алып кеткен үш жасар баланы кәріз жүйесі құдығынан тапты. Бұл туралы «Lifenews.ru» хабарлап отыр.

101Оқиға Колумбияның Барранкилья қаласында орын алды. Құтқарушылар баланы кәріз жүйесі құбырларынан бір тәулік бойы іздеген.

Құтқару жасақтарының дерегі бойынша, су балақайды кәріз жүйесі құбырларының бойымен бір жарым шақырым жерге ағызып әкеткен. Бір тәулік өтіп, бала табылған кезде ол бар күшімен дуалға жармасып тұрған екен. «Кішкентай баланың батылдығына барлығымыз таң қалдық, – дейді құтқарушылар. – Оны шығарған бойда дәрігерлердің қолына тапсырдық».

Басынан өткен қиын оқиғаға қарамастан, сәби қазір өзін жақсы сезінуде. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екенін ескеріп, бала жақын арада туыстарының қолына тапсырылатынын мәлімдеді.

 

Айдар Өрісбаев.

{youtube}2-AwZUUTCkk{/youtube}