Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Семейде әскери қызмет заңдылықтары қарастырылды

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ Шығыс өңірлік әскери институтында басқарма аппаратының, Аягөз, Өскемен бөлімдерінің және Павлодар топтарының жеке құрамының қатысуымен Әскери-тергеу орындарының кеңейтілген отырысы өтті. ҚР ІІМ-нің Шығыс аймақтық Әскери тергеу басқармасы қызметкерлері атап айтқандай, Семей, Аягөз, Өскемен және Павладар гарнизондарының әскери қызметшілері арасында қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және алдын алу жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде.

Семейде әскери қызмет заңдылықтары қарастырылды

Әрбір қылмыстық іс бойынша тергеушілер әскери бөлімдер мен құрамалардың қолбасшылығына қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Соңғы жылдары әскерлер мен әскери құралымдардағы тіркелген қылмыстар санының тұрақты төмендеу үрдісі байқалады.

- Егер 2018 жылмен салыстырсақ, 2019 жылы әскери қызметшілер жасаған қылмыстар саны 33,4% -ға азайды,ауыр қылмыстар саны бірнеше есеге азайды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қатысуымен топтық қылмыстар жойылғанын атап өтуге болады. Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактілері сияқты қоғамдық қауіпті қылмыстардың саны қысқарды, -деді ІІМ Шығыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхамед-Қали  Қарсыбеков

Мұхамед-Қали Қарсыбековтың айтуынша, әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері, құзыреті және өкілеттіктері мынадай, яғни ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қылмыстар мен әскери қызметшілер жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

 

СЕМЕЙ