02 Тамыз, 2013

«Ақтөбе» бірінші ойынында жеңді

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Актобе-Брейдаблик-1

Еуропа лигасыныңүшінші іріктеу кезеңініңаясында «Ақтөбе» клубы өз алаңында исландиялық«Брейдаблик» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Ақтөбе» — «Брейдаблик» (Коупавогюр, Исландия) 1:0

Ақтөбе. «Орталық». 13500 көрермен.

Бас төреші: Либор Коваржик (Чехия).

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Арзуманян (Кенжесариев, 61), Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук (Гейнрих, 73), Кападзе, Давыдов (Гридин, 79).

«Брейдаблик»: Гуннлейфссон, Троост, Ингасон, К.Йонссон, Маргейрссон, Хрейдарссон, Лидссон (Элисабетарсон, 79), Гардарссон (Э.Сигурдссон , 64), Йеоман, Рохде, Хрейнссон (Вильяльмссон, 87).

Гол: Хайруллин (90, пенальти).

Актобе-Брейдаблик-3

Кездесуде «Ақтөбе» барлық жағынан басымдық танытты. Ойынның бірінші минутынан бастап салған беттен шабуылға шығып, қарсыластар қақпасына қауіпті жағдайлар жасап отырды. 5 минутта Сергей Давыдов қақпашымен бірге-бір шығып, айласын асыра алмады. Ол қақпашының қолына допты тигізіп, қолда тұрған мүмкіндікті жіберіп қойды. Бұдан кейін де бірінші таймда алаң иелері бірнеше мүмкіндіктер болған. Алайда, «Брейдабликтің»қорғанысы«Ақтөбеге» гол соғуға ешқандай мүмкіндік бермеді.

Осы кездебіз өзіміз әлеуметтік желіде отырғанымызда, «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Самат Сымақовтың «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Кездесуде Кенжесариев пен Гейнрих жетіспей жатыр» дегеніне көзіміз шалып қалды. Шынымен Самат айтқандай, бірінші таймда алаң иелеріне осы екеуі жетіспей жатқандай сезіліп тұрды. «Ақтөбе» қаншама рет шабуыл жасағанымен, Кенжесариевтің алыстан беретін әдемі пастары, Гейнрихтың орталық алаңдағы ойыны жетіспей жатқандай-ақ болды. «Ақтөбенің» бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко соны өзі сезгендей, екеуін де екінші таймға шығарды. Кенжесариев 61-минутта Арзуманянды алмастырса, Гейнрих Ковальчуктің орнына 73-минутта шықты. Осыдан кейін Эмиль Кенжесариевтің алаңға шығуымен «Ақтөбенің» шабуылы одан сайын күшейе түсті. Сондай сәттердің бірінде чех төрешісі «Брейдабликтің» айып алаңында ойын ережесінің бұзылғанын көріп, қонақтар қақпасына пеналь ти белгіледі. Бұл жолы алаң иелерінің штаттағы пенальтисі Марат Хайруллиннің соққысын Гуннлейфссон қайтара алмады. Есеп – 1:0. «Ақтөбе» 90 минут бойы жанкүйер жүйкесін тоздырып, көптен күткен жеңісіне жетті.

«Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы келесі ойын 8 тамыз күні Исландияда өтеді. Бұл кездесуде «Ақтөбе» алаң иелерінен екі доп айырмашылығымен жеңілмесе, тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық турниріне қатысады.

Дастан Кенжалин.

Актобе-Брейдаблик-4